Басқару

Қазақстанның тұрғын үй саясаты жалға беру баспанасының құрылысына бейімделеді

Қазақстанның тұрғын-үй саясаты жалға беру баспанасының құрылысына бейімделеді. Бұл жөнінде Астанада болып жатқан «Нұр Отан» партиясының кезектен тыс ХVII съезінде Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев айтып өтті.
Астана қаласы29 Қаңтар , 12:58

«Жаңа тұрғын үй саясаты жалға беру баспанасының құрылысына ерекше бейімделетін болады.  Жалға беру баспанасы барлық әлемде адамға мобильді болу мүмкіндігін ұсынып отыр. Бүгін ол бір жерде жұмыс істейді, ол пәтерге жіппен байланбаған, басқа қалаға барып, жалға пәтер алып өз ісін жалғастыра алады. Бұл өте дұрыс бағыт», - деді Н.Назарбаев.

Айта кетейік, жиынға екі мыңнан астам адам жиналды. Олардың ішінде республиканың барлық өңірлеріндегі конференцияларда сайланған делегаттар, мемлекеттік басқару органдарының, ұлттық холдингтердің басшылары, білім, ғылым, мәдениет және спорт қайраткерлері, дипломатиялық корпус, үкіметтік емес және жастар ұйымдары, бастауыш партия ұйымдарының өкілдері бар.

Анар Тәңірқұлова




Яндекс.Метрика