Басқару

Н.Назарбаев: 2018 жылға таман мұнай мен газ нарығын ырықтандыру қажет

2018 жылға таман мұнай мен газ нарығын ырықтандыру қажет. Бұл жөнінде Астанада болып жатқан «Нұр Отан» партиясының кезектен тыс ХVII съезінде Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев айтып өтті.
Астана қаласы29 Қаңтар , 12:48

«2018 жылға таман қажеттіліктің барлығын отандық кәсіпорындардың өнімімен қамтуды тапсырамын. Мұнай мен газ нарығын ырықтандыру қажет. Коммерциялық қызметті мұнай өңдеу кәсіпорындарына беру қажет. 2021 жылға таман мұнай мен газ өндіру көлемі 92 млн тоннаға жетуі керек», - деді Н.Назарбаев.

Айта кетейік, жиынға екі мыңнан астам адам жиналды. Олардың ішінде республиканың барлық өңірлеріндегі конференцияларда сайланған делегаттар, мемлекеттік басқару органдарының, ұлттық холдингтердің басшылары, білім, ғылым, мәдениет және спорт қайраткерлері, дипломатиялық корпус, үкіметтік емес және жастар ұйымдары, бастауыш партия ұйымдарының өкілдері бар.

Анар Тәңірқұлова




Яндекс.Метрика