«Нұрлы жол» – Қазақстанның даму жолы

Н. Назарбаев: «Нұрлы жол» аясындағы жобаларды жүзеге асыру 400 мың жаңа жұмыс орнын ашады

«Нұрлы жол» аясындағы жобаларды жүзеге асыру 400 мың жаңа жұмыс орнын ашады . Бұл жөнінде Астанада болып жатқан «Нұр Отан» партиясының кезектен тыс ХVII съезінде Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев айтып өтті.
Астана қаласы29 Қаңтар , 12:45

«Әлемдегі басты мәселе – жұмыспен қамту. Әлем бойынша 250 млн адам жұмыссыз болып отыр. 1 млрд 700 млн адам еңбекке қабілетті. 1,2 млрд адам тұрақты жұмыспен қамтылған», - деді Елбасы.

Президенттің айтуынша, әрбір ел үшін бұл мәселе өте маңызды.

«2016 жылы республикалық бюджет аталмыш мақсаттарды жүзеге асыруға 225 млрд теңгені қарастырып отыр. Біз адамдарды «Жұмыспен қамтудың жол картасы-2020» арқылы қолдап отырмыз. Қазақстанда жұмыссыздық болмауы керек. Бұл істі жүзеге асыруға барлық мүмкіндік бар.  «Нұрлы жол» аясындағы жобаларды жүзеге асыру 400 мың жаңа жұмыс орнын ашады», - деді Елбасы. 

Индира Кауметова




Яндекс.Метрика