Басқару

Мемлекет басшысы отандық бизнесті өз қаражаттарын Қазақстанның дамуына жұмсауға шақырды

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев отандық бизнеске өз қаражаттарын Қазақстанның дамуына жұмсауға шақырды. Бұл жөнінде ол «Нұр Отан» партиясының кезектен тыс ХVII съезінде айтырп өтті.
Астана қаласы29 Қаңтар , 12:42

«Мен отандық бизнесті өз қаражаттарын еліміздің дамуына жұмсауға шақырамын. Байлық, бақыт және өмір отаннан басталады. Мен шет елде жүріп, табыс кілтін тапқан  адамды әлі көрген жоқпын. Барлық қызықты нәрселер өз отанында болып келеді. Сенің туған жерін саған барлық жағдайды жасады, сенің бизнесінді қолдап, бай болуына септігін тигізді.  Ендігі күні шет елге шығып кетіп, оны тығып, қашан мені ұстап алады екен деген үреймен өмір сүрмеуіміз керек. Бұндай нәрсенің не керегі бар»,-деді Елбасы.

Президент офшорда тұрған қаражаттарды ресмилендіруге шақырды.

«Олардың барлығын отанға әкеліп, ресмилендіру керек. Біз барлығын кешіреміз.  Өз қаражаттарыңызды әкеліп,  сол қаражат арқасында жекешелендіруге қатысып, одан әрі ақша табыныздар. Осылайша сіздер жұмыс орындарын құрып, ел экономикасын көтересіздер. Қаржатты Отанымыздың дамуына жұмсайық. Ертеңгі жарстардың өмірін ойлауымыз керек. Солай емес пе? Егер біз осы жайлы ойлансақ, онда Отанымызды дамытуымыз керек»,- деді Елбасы.




Яндекс.Метрика