Басқару

Президент әкімдерге елді өндірістік қамтудың өңірлік кооперациясын реттеуді тапсырды

«Нұр Отан» партиясының кезектен тыс ХVII съезінде Президент Н.Назарбаев әкімдерге елді өндірістік қамтудың өңірлік кооперациясын реттеуді тапсырды.
Астана қаласы29 Қаңтар , 12:35

«Ақтөбе облысында Сапарбаев бірнеше ай ғана жұмыс істеуде. Біз онымен қазіргі жағдайдағы мәселені талқыладық. Әрбір облыс өзінің қанша өнім өндіргенін белгілеп отыруы керек. Мәселен, 80 пайыз өнім, дефициті – осынша. Ал маған қажет көрші облыста өндіріліп жатыр. Балықты Атырау облысынан алуға болады, өзге тауар Ақтөбеде, көкөністі Оңтүстік Қазақстан облысынан алуға болады, келіссөздер жасадық», - деді Елбасы.

Н.Назарбаевтың айтуынша, өңірлер бір-бірімен серіктесті к жүргізулері керек.

«Егер біз Сарыағаш ауданында көкөніс пен жеміс-жидекке арналған терминал құрсақ, біз өзіміздікі мен өзбек тауарын бір бағамен ала аламыз. Оны бар Қазақстан бойынша таратуға болады.  Маңғыстау облысында Қостанай облысынан астық жеткізуді реттеді. Осылай неге жұмыс істемейсіңдер?  Егер елде өңірлер бойынша кооперация жасасақ, Орталық-Оңтүстік-Батыс-Шығыс  - бірқатар облыстар бір-бірін қамтамасыз етеді.  Бір елде барлығың бірігіп жұмыс істеңдер, сондықтан да барлық әкімдер мен Үкіметке осы резервті қолдануды тапсырамын», - деді Мемлекет басшысы.

Индира Кауметова




Яндекс.Метрика