Парламент

Қазақстанның заңгерлер одағы халықты сайлау науқанына белсенді қатысуға шақыруда (ЭКСКЛЮЗИВ)

Қазір елде сайлауға дайындық жүріп жатқан кезеңде Қазақстанның заңгерлер одағы түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, халықты сайлау науқанына белсенді қатысуға шақыруда. Бұл туралы Strategy2050.kz. АА берген сұхбатында «Қазақстандық заңгерлер одағы» РАҰ аппаратының жетекшісі - атқарушы директор Дариға Құрманова.
Астана қаласы 29 Қаңтар, 14:32

«Қазақстанның заңгерлер одағы заң әділдігін қамту бойынша шараларға белсенді қатысуда. Бүгінде ең маңызды шаралардың бірі Мәжілістегі сайлау болып отыр. Заңгерлер одағы барлық республика бойынша болғандықтан, біз мониторинг жүргізіп, аймақтарда заңдарды түсіндіріп, даулы оқиғаларды шеше аламыз», - деді ол.

Оның айтуынша, еліміздің заңды қоғамы  Елбасының мерзімінен бұрын өтетін сайлау туралы шешімін шабытпен қабылдады.

«Біз, Қазақстан заңгерлер кеңесі, халыққа заңдарды түсіндіру жұмыстарында белсенді қатысамыз. Біздің өкілдер ҚР Парламентінің жұмыс топтарында қатысады. Менің ойымша, ҚР Парламент Мәжілісінің жаңа құрамы-заңнамалық үрдісте жаңа серпін болып келеді. Еліміздің заңгерлері бұл жұмысқа белсенді кірісуде»,-деді Д.құрманова.

Оның айтуынша, қазір сайлау науқынына дайындық жұмыстары жүргізілуде. Қазақстан Заңгерлер кеңесі тұрғындар арасында түсіндірме жұмыстарын жүргізіп, сайлауға белсене қатысуға шақыруда.

Ботагөз Айтжанова

Сурет жеке мұрағаттан алынды 





Дерекнама

Яндекс.Метрика