Ұлт жоспары 100 нақты қадам

Қазақстанда инвесторлар мен бизнеске қатысты жаңа байланыс жүйесін құру маңызды- ҚР Президенті

Қазақстанда инвесторлар мен бизнеске қатысты жаңа байланыс жүйесін құру маңызды болып келеді, деп ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев «Нұр Отан» партиясының кезектен тыс ХVII съезінде айтып өтті.
Астана қаласы29 Қаңтар , 12:27

«Екінші реформа аясында заңның үстемдік құруы бойынша  шаралар қабылдануда,  Ұлт жоспарында сот жүйесі мен құқық қорғау органдарына көп көңіл бөлдім  Бізде жаңа инвесторлар мен бизнеске байланысты жаңа байланыс жүйесін жасау керек.  Бұл  айыптаушылық пен адамдардың уақытын үнемдеп қалады»-деді Президент.

Елбасы Қазақстанда  Жоғарғы Соттың жаңа мамандандырылған палатасы жұмыс істеп тұрғандығын айтып өтті. Сондай-ақ  Жоғарғы Сот жанындағы халықаралық кеңес жұмыс істейді. Оның құрамына түрлі мемлекеттің өкілдері кіреді.

«Жоғарғы сот кеңесі  өз аппаратында автономды құрылым ретінде жұмыс атқарады, және сапалы кадрларды таңдау жұмыстарын жүргізеді. Азаматтық сот ісін жүргізетін қатысушалр қысқартылды, барлық аймақтарда жергілікті полиция қызметкерлері жұмыс істейтін болды,-деді Мемлекет басшысы.

 




Яндекс.Метрика