Басқару

Президент: Қазақстанда дағдарыстан өтуге ресурс пен мүмкіндік бар

Біз жаңа экономикалық жағдайда өмір сүріп үйренуіміз қажет. Бұл жөнінде Астанада болып жатқан «Нұр Отан» партиясының кезектен тыс ХVII съезінде Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев айтып өтті.
Астана қаласы29 Қаңтар , 12:19

«Бізге жаңа экономикалық жағдайда өмір сүріп үйрену қажет. Кейбіреуі мұнай бағасы өседі деп ойлайды, бұнымен мәселе шешілмейді. Біз жаңа жағдайда өмір сүріп үйреніміз қажет. Бұл өте ұзақ үрдіс.  Бізде дағдарысты бастан кешіруге, жеңуге барлық ресурс пен мүмкіндік бар», - деді Елбасы.

Президент атап өткендей,  бұл жағдайда «Нұр Отан» партиясы ауқымды жұмысқа дайын болуы керек.

«Соңғы уақыттарда әлемдік геосаяси жағдай аумалы-төкпелі күйде тұр. Алпауыт елдер арасындағы өзара талас-тартыс пен үлкенді-кішілі мемлекеттер арасындағы қақтығыстар өрши түсуде. Санкциялық және сауда-саттық соғыстары жүріп жатыр. Халықаралық қауіпсіздік жүйесіне қауіп төнді. Қазақстан бар үмітін өзіне арта алады. Мұнай баррелі 30 доллар болған жағдайда өмір сүріп үйрену қажет», - деді Елбасы.

Индира Кауметова

 




Яндекс.Метрика