Инвестициялар

Қазақстанның инвсеторлық қоры «Қазақстанның Кремний» ЖШС жүз пайыз үлесін 13,6 млрд теңгеге сатты

«Бәйтерек» АҚ еншілес құрылымдық холдингі «Қазақстанның Инвестициялық Қор» (ҚИҚ) ұлттық тау-кен компанияның «Тау-Кен Самрук» АҚ «Қазақстанның Кремний» ЖШС жүз пайыз үлесін сатты, деп қорда хабарлады.
Астана қаласы29 Қаңтар , 20:08

Жүз пайыз үлесті Сатып алу-сату келісімшартына «Қазақстанның Кремний» ЖШС жарғылықты капиталына ҚИҚ басқарма төрағасы Ринат Сисембаев пен «Тау-Кен Самрук» АҚ басқарма төрағасы Мәжит Тұрмағамбетов қол қойды.

Айта кететін жайт, келісім 13,6 млрд теңгеге жасалды. Келісімшарттың шарттарына сәйкес, сомма 8 жыл ішінде төленіп бітеді. Бүгінгі күні «Тау-Кен Самрук» компаниясы 5,3 млрд теңге көлемінде бірінші сомасын төледі. Толықтай қарызды 2024 жылы жабады.

«ҚИҚ алдында тұрған басты тапсырманың бірі проблемалық жобаларды іске асыру болып келеді. Осындай жолмен- біз барлық компания қорларын дайындау үстіндеміз. Осындай компаниялардың біріне Қарағанды кремний зауоты кіреді»,-деді «ҚИҚ» АҚ төрағасы Ринат Сисембаев.

2013 жылдың соңында Тау-Кен Самрук» АҚ Қарағандыдағы кремний өндірісін қалпына келтіру және іске қосу бойынша іс-шаралар әзірлеу, техникалық тексеріс жүргізу бойынша тапсырмалар  берілді.

Жөндеу жұмыстары мен техникалық тексерістер жасалғаннан кейін, сондай-ақ №1 пешіне жөндеу жұмыстары жасалғаннан кейін, 2014 жылдың қазан айында зауот қайта іске қосылды. Жұмыс орындар қалпына келтірілді. Сол жылы №2 пешке жөндеу жұмыстары жүргізілді. Жасалып жатқан жұмысты тәжірибелі түрде орындау үшін, құрылыс жұмыстарына «SMS group GmbH» әлемдік брендін жұмылдырды. Ол өз кезегінде кептіру жұмыстары, жылыту, пешті одан әрі қолдану бойынша кеңес жұмыстарын жүргізді.

Қазіргі күні №1 пеш жоғары деңгейде жұмыс істеп, түрлі сортты металдарды шығарады. 2014 жылы осы пешпен 1 834 тауарлы кремни жасалып шықты. 2015 жылы бірінші пеште 6 мың тоннадан астам өнім жасалды. Дайын өнім АҚШ, Еуропа мен Ресей елдеріне жіберілуге дайын.

Кәсіпорынның қайтадан ашылуы аймақтағы жаңадан дамыған салаға мультипликативтік әсер берді. Соның ішінде, Ақтаста орналасқан тау-кен өндірісі қайта жанданды. Ол жерді кварц өндіріледі- кремний өндіру үшін негізгі шикізат.

 




Яндекс.Метрика