Басқару

Елбасы: Мұнай баррелі 30 доллар болған жағдайда өмір сүріп үйрену қажет

Мұнай баррелі 30 доллар болғандағы жағдайда өмір сүріп үйрену қажет . деді Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Нұр Отан» партиясының кезектен тыс XVII съезі барысында.
Астана қаласы29 Қаңтар , 12:03

«Соңғы уақыттарда әлемдік геосаяси жағдай аумалы-төкпелі күйде тұр. Алпауыт елдер арасындағы өзара талас-тартыс пен үлкенді-кішілі мемлекеттер арасындағы қақтығыстар өрши түсуде. Санкциялық және сауда-саттық соғыстары жүріп жатыр. Халықаралық қауіпсіздік жүйесіне қауіп төнді. Қазақстан бар үмітін өзіне арта алады», - деді Нұрсұлтан Әбішұлы.

Мемлекет басшысы мұнай баррелі 30 доллар болған жағдайда өмір сүріп үйрену қажеттігін айтты.

«Тарихты еске түсірсек. Оітүстік-Шығыс дағдарысы 1997 жылы басталды. Ал 1998 жылы азиялық  дағдарыс белең алды. 1998 жылы мұнай баррелі 8,5 долларды құрады. Онжылдықта 130 доларға келіп тоқтады. Онжылдықтан кейін тағы құлдырау заманына кетті. Қазір төменге түсіп келе жатуы да мүмкін. Біз жарты жыл бойы  мұнай баррелі 300 доллар жағдайында өмір сүріп келеміз. Ештеңе өзгерген жоқ. Біз бұл жағдайға бейімделуіміз керек. Бұл ұзаққа созылуы да мүмкін», - деді Мемлекет басшысы.

Айта кетейік, жиынға екі мыңнан астам адам жиналды. Олардың ішінде республиканың барлық өңірлеріндегі конференцияларда сайланған делегаттар, мемлекеттік басқару органдарының, ұлттық холдингтердің басшылары, білім, ғылым, мәдениет және спорт қайраткерлері, дипломатиялық корпус, үкіметтік емес және жастар ұйымдары, бастауыш партия ұйымдарының өкілдері бар.

Анар  Тәңірқұлова




Дерекнама

Яндекс.Метрика