Басқару

Н.Назарбаев: Мемлекеттік аппарат қоғам үшін сервистік қызмет сынды технологиялық тұрғыда жұмыс істеуі керек

Мемлекеттік аппарат қоғам үшін сервистік қызмет сынды технологиялық тұрғыда жұмыс істеуі керек, деді Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Нұр Отан» партиясының кезектен тыс XVII съезі барысында.
Астана қаласы29 Қаңтар , 11:49

«Бірінші реформа – кәсіптік мемлекеттік аппарат құру. Мемлекеттік аппарат қоғам үшін сервистік қызмет сынды технологиялық түрде жұмыс істеуі керек. Мирократияның негізі әзірленді, мемлекеттік қызметке іріктеудің үшсатылы жүйесі құрылды.  Жұмыстың мансаптық бөліміне  көшу толығымен жүзеге асырылды. Заңнамалық түрде командалық көші-қонның мүмкіндік алынды. Тұңғыш рет этикеті бойынша  құзыретті мемлекеттік органдардың институттары енгізілді», - деді Н.Назарбаев.

Айта кетейік, жиынға екі мыңнан астам адам жиналды. Олардың ішінде республиканың барлық өңірлеріндегі конференцияларда сайланған делегаттар, мемлекеттік басқару органдарының, ұлттық холдингтердің басшылары, білім, ғылым, мәдениет және спорт қайраткерлері, дипломатиялық корпус, үкіметтік емес және жастар ұйымдары, бастауыш партия ұйымдарының өкілдері бар.

Анар Тәңірқұлова




Яндекс.Метрика