Басқару

Қазір Ұлт жоспары «100 нақты қадамның» жаңа кезеңі іске асырылуда- Мемлекет басшысы

Қазір Ұлт жоспары «100 нақты қадам» жаңа кезеңі іске асырылуда, деп «Нұр Отан» партиясының кезектен тыс ХVII съезінде Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев айтып өтті.
Астана қаласы29 Қаңтар , 11:37

«Өткен жылы 5 иституционалды реформа іске асырылды.  Оларды заңнамалық қамтамасыз ету мақсатында Парламент 59 жаңа заң қабылдады. Егер сіздер ұмытпасаңыздар, мен өткен жылы 15 наурызда «Нұр Отан» партиясының съезінде бұл бастаманы айтқан болатынмын. Қазіргі күні Ұлт жоспары «100 нақты қадам» жаңа кезеңі іске асырылуда»,-деді Н.Назарбаев.

Президент 1 қаңтардан бастап  еліміз 5 ең маңызды реформаны жүзеге асыратын жаңа инститцуионалдық  ортада тұратындығын айтып өтті. 

«Барлық әлем бізді қадағалау үстінде. Бұл барлық мемлекеттік органдардың белсенді жұмысы болып табылады және нақты нәтижелер қазірдің өзінде бар»,-деді Елбасы.

Жиынға екі мыңнан астам адам жиналды. Олардың ішінде республиканың барлық өңірлеріндегі конференцияларда сайланған делегаттар, мемлекеттік басқару органдарының, ұлттық холдингтердің басшылары, білім, ғылым, мәдениет және спорт қайраткерлері, дипломатиялық корпус, үкіметтік емес және жастар ұйымдары, бастауыш партия ұйымдарының өкілдері бар.

Анар Тәңірқұлова




Яндекс.Метрика