Басқару

Н. Назарбаев: «Нұр Отан» партиясының 17-ші көшбасшылығы мемлекет экономикасы мен қоғамның нақты жетістігінің негізіне айналды

«Нұр Отан» партиясының 17-ші көшбасшылығы мемлекет экономикасы мен қоғамның нақты жетістігінің негізіне айналды, деді Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Нұр Отан» партиясының кезектен тыс XVII съезі барысында.
Астана қаласы29 Қаңтар , 11:21

«Құрметті қазақстандықтар, біздің партия Мәжіліс сайлауына қатысуы үшін жағдай жасауымыз қажет, «Нұр Отан» партиясының 17-ші көшбасшылығы мемлекет экономикасы мен қоғамның нақты жетістігінің негізіне айналды», - деді Елбасы.

Мемлекет басшысының айтуынша, осы уақыт аралығында ұлттық  экономика көлемі 23 есеге өскен.

«Соңғы 6 жылда экономиканың 28 саласы пайда болды, 890 жаңа кәсіпорын өз жұмысын бастады», - деді Елбасы.

Айта кетейік, Астанада қаласындағы Тәуелсіздік сарайында Қазақстан Президенті, «Нұр Отан» партиясының төрағасы Нұрсұлтан Назарбаевтың төрағалығымен партияның кезектен тыс XVII съезі өтуде.  

Жиынға екі мыңнан астам адам жиналды. Олардың ішінде республиканың барлық өңірлеріндегі конференцияларда сайланған делегаттар, мемлекеттік басқару органдарының, ұлттық холдингтердің басшылары, білім, ғылым, мәдениет және спорт қайраткерлері, дипломатиялық корпус, үкіметтік емес және жастар ұйымдары, бастауыш партия ұйымдарының өкілдері бар.

Съезде партияның «Қазақстан - 2021. Бірлік. Тұрақтылық. Жасампаздық» жаңа сайлауалды бағдарламасы қабылданады. Аталған құжат бес институционалдық реформа шеңберіндегі «100 нақты қадам» Ұлт жоспарының негізгі бағыттары ескеріле отырып әзірленген.

Партияның баспасөз қызметі таратқан ақпаратқа сәйкес, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттығына үміткерлердің партиялық тізіміне 127 адам еніп отыр. Олардың қатарында республикаға белгілі саясаткерлер, қоғам қайраткерлері, спортшылар мен өнер иелері бар.

Индира Кауметова




Дерекнама

Яндекс.Метрика