EXPO-2017

Германия «ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесіне қатысуға дайындалуда

ГФР ҚР Елшісі Болат Нүсіповтің ГФР Экономика және энергетика министрлігінің атынан неміс «ЭКСПО-2017» павильонның Бас комиссары Дитмар Шмитцпен кездесуі өтті, деп хабарлады СІМ.
Әлемде29 Қаңтар , 17:53

Қазақстандық дипломат сұхбаттасын көрмеге дайындық шеңберінде Қазақстанда өткізіліп жатқан кешенді жұмыстар туралы баяндап, неміс тарапының «ЭКСПО-2017» қатысуы екіжақты ынтымақтастықтың дамуына қосымша серпініс беретінін атап өтті. Ганноверде көрмені өткізу бойынша Германияның тәжірибесін, ГФР-да жаңартылған қуат көздері технологиялардың және эко-өнеркәсіп инновациялардың барын ескере отырып, Б. Нүсіпов барлық ұйымдастырушылық және құқықтық аспектілерін тезірек қарастырып, неміс әріптестерін іс-шараға белсенді түрде қатысуға шақырды.

ЭКСПО неміс комиссары 2017 ж. Астанада өтетін көрмеге Германияның қатысуына қатысты ГФР Федералдық Канцлері Ангела Меркельдің өзінің жеке ресми растауына сүйене отырып, неміс тарапы соңғы уақытта аталған бағыт бойынша едәуір жұмыс атқарды және қазіргі уақытта герман павильонның тұжырымдамасын пысықтау және тиісті шеңберлі шартқа қол қою үшін барлық ішкі мемлекеттік рәсімдерді аяқтауда деп айтты. 

Д. Шмитцтің айтуынша, Астанада «ЭКСПО-2017» көрмесінің өткізілуі қазақстандық экономиканы әртараптандыру үшін қолайлы жағдай жасайды. Халықаралық аренада «ЭКСПО-2017» көрмесін ілгерілету мақсатында неміс комиссары  2016 жылғы 9-13 наурызда Берлинде өтетін «ITB-Berlin» әйгілі халықаралық көрмесінде қазақстандық стендті қолдануға ұсынды.

Германия Еуроодақ елдері ішінде Астанадағы «ЭКСПО-2017» көрмесіне өз қатысуын бірінші болып растағанын атап өту жөн. 2015 жылдың маусымында ГФР үкіметімен өткізілген тендердің нәтижесінде Hamburg Messe und Congress GmbH компаниясына Астанада неміс павильонын салу бойынша тапсырма берілді. Көлемі 1000 ш. м құрайтын павильонның жұмысына 100 астам қызметкер ат салысады. Жаңа технологиялар мен ноу-хауды ойлап табу бойынша әлемде алдыңғы қатардағы неміс компаниялары көрменің табысты өткізілуіне өз үлесін қосуға дайын. Мысалға, Siemens AG трансұлттық компаниясы «ЭКСПО-2017» көрмесінің технологиялық әріптесі ретінде болуға өз дайындығын білдірді.

 

 




Дерекнама

Яндекс.Метрика