Ұлтаралық бірлік

З.Махусеев: «Үлкен ел – үлкен отбасы» жобасын жүзеге асыру қазақстандықтардың бірлігін нығайта түседі

«Үлкен ел – үлкен отбасы» жобасын жүзеге асыру қазақстандықтардың бірлігін нығайта түседі , деді қарашай-балқар этномәдени бірлестігінің жетекшісі Л.Узденова Жамбыл облысының Өңірлік коммуникация қызметінде.
Жамбыл29 Қаңтар , 09:57

Брифингке қарашай-балқар этномәдени бірлестігінің жетекшісі Узденова Леля Ахматқызы , тәжік этномәдени бірлестігінің жетекшісі Мулладжанов Алижон Шукурұлы, Жамбыл облысы Қазақстан халқы Ассамблеясының жанындағы «Ақ желкен» жастар лигасының төрағасы Махусеев Зайнуддин Абдулбахтиярұлы қатысты. Брифинг барысында ҚХА мүшелері ҚР Парламенті Мәжілісінің сайлауын, барлық деңгейдегі мәслихат сайлауын өткізу туралы Елбасының шешіміне қолдау білдірді. Қазақстандықтарды сайлауға белсенді түрде қатысуға шақырды.

«Сайлауды мерзімінен бұрын өткізу шешімі «100 нақты қадам» Ұлт жоспарын іске асырудың тиімді жолы болып табылады», - деді өз сөзінде қарашай-балқар этномәдени бірлестігінің жетекшісі Л.Узденова. Этномәдени бірлестіктер Жамбыл облысының ҚХА ұйымдастырған іс-шараларда белсенді қатысады. Брифинг барысында «Үлкен ел – үлкен отбасы» жобасын іске асырудағы міндеттер мен мақсаттар, этномәдени бірлестіктер мен «Ақ желкен» жастар лигасының 2015 жылғы жұмыстары айтылды.

«Жаңа қазақстандық патриотизм- көп ұлттық пен конфессионалды қоғамның жеңісінің негізі болып табылады. «Ақ желкен» жастар лигасының кеңесінде 10-нан аса жастар қанаты бар. Жастар лигасының әр көшбасшысы бейбітшілік пен келісімді нығайтуға өзіндік үлесін қосуда»,- деп қорытындылады «Ақ желкен» жастра лигасының төрағасы З.Махусеев. 




Яндекс.Метрика