«2012 жылғы 1 желтоқсандағы жағдай бойынша, еліміздегі халық саны 16 млн. 896,9 мың адамды құрады, соның ішінде қалалықтар – 9 млн. 254,7 мың (54,8%), ауылдықтар – 7 млн. 642,2 мың адам (45,2%). 2012 жылдың қаңтар-қараша айларында жалпы ел бойынша халық саны 221,5 мың адамға өсті, бұл 2011 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 2,6 % көп», деді Ә.Смаилов.
Аталған кезеңде республика халқының табиғи өсімі 222,9 мың адамды құрады. Табиғи өсімнің жалпы коэффициенті 1000 адамға шаққанда 14,5 (14,0) адамды құрап отыр.
Оған қоса, аталған кезеңде АХАТ органдарында 354,6 (345,3) мың жаңа туылғандар тіркелді, бұл 2011 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 2,7% көп. 1000 адамға шаққандағы туудың жалпы коэффициенті 23,1 (22,8) туғандарды құрады. Ал осы кезеңдегі өлім-жітімнің саны 131,7 (133,7) мың адамды құрады, бұл 2011 жылдың осы кезеңіне қарағанда 1,5% кем. 1000 адамға шаққандағы өлім-жітімнің жалпы коэффициенті 8,6-ны (8,8) құрады.