Үкімет

Б.Сағынтаев Италияның Ауыл шаруашылығы саясаты министрімен кездесті

Үкімет үйінде ҚР Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары Бақытжан Сағынтаев Италияның Ауыл шаруашылығы, азық-түлік және орман саясаты министрі Маурицио Мартинамен кездесу өткізді, деп хабарлады Премьер-Министрдің ресми сайты.
Астана қаласы29 Қаңтар , 08:54

Келіссөздер барысында тараптар екі елдің ауыл шаруашылығы саласындағы, АӨК-дегі бірлескен инвестициялық жобаларды жүзеге асырудағы ынтымақтастықты дамытудағы жоғары әлеуетті атап өтті.

ҚР Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары Миландағы ЭКСПО-2015 сәтті өткізгеннен кейін Италияның 2017 жылы Астанада өтетін көрмеге қатысуы маңыздылардың бірі болатындығына сенім білдірді.

Бақытжан Сағынтаев пен Маурицио Мартина сондай-ақ Қазақстанның Дүниежүзілік сауда ұйымына (ДСҰ) мүшелігі жағдайында республиканың агросекторын дамытуды талқылады.

 




Яндекс.Метрика