Басқару

Астанада «Нұр Отан» партиясының кезектен тыс ХVII съезі ашылды (ФОТО)

Партия төрағасы Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен Астанада Нұр Отан» партиясының кезектен тыс ХVII съезі өз жұмысын бастады.
Астана қаласы 29 Қаңтар, 11:06

Жиынға екі мыңнан астам адам жиналды. Олардың ішінде республиканың барлық өңірлеріндегі конференцияларда сайланған делегаттар, мемлекеттік басқару органдарының, ұлттық холдингтердің басшылары, білім, ғылым, мәдениет және спорт қайраткерлері, дипломатиялық корпус, үкіметтік емес және жастар ұйымдары, бастауыш партия ұйымдарының өкілдері бар.

Съезде басты баяндаманы Нұрсұлтан Назарбаев оқиды.  Сайлау алдында партияның алдына бірқатар тапсырмалар қойылады деп күтілуде.

Съезде партияның «Қазақстан - 2021. Бірлік. Тұрақтылық. Жасампаздық» жаңа сайлауалды бағдарламасы қабылданады. Аталған құжат бес институционалдық реформа шеңберіндегі «100 нақты қадам» Ұлт жоспарының негізгі бағыттары ескеріле отырып әзірленген.

Партияның баспасөз қызметі таратқан ақпаратқа сәйкес, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттығына үміткерлердің партиялық тізіміне 127 адам еніп отыр. Олардың қатарында республикаға белгілі саясаткерлер, қоғам қайраткерлері, спортшылар мен өнер иелері бар.

Индира Кауметова





Яндекс.Метрика