Съездің шешімі бойынша «Нұр Отан» партиясының сайлау науқанының бағдарламасы қабылданады. Бағдарлама жобасы алдағы 5 жылдық,2021 жылға дейінгі Ұлт жоспары «100 нақты қадамды», «Қазақстан-2050» Стратегиясын жүзеге асыру бойынша партияның бағытын бекітеді.
Партия хатшылығының мәліметінше, кезектен тыс ХVII съезге 2 мың адам қатысады.
Айта кетейік, «Нұр Отан» партиясының Жарғысына сәйкес 21 қаңтарда Елбасы, партия Төрағасы Н.Ә.Назарбаев Астана қаласында партияның кезектен тыс XVII съезін шақыру жөнінде Қаулыға қол қойды.
Индира Кауметова