Мәдениетті жаңғырту

ҚР ҚК мұражайының жәдігерлері шетелдегі көрмелерде ұсынылады (ФОТО)

Бүгін, ҚР ҚК-нің Әскери-тарихи мұражайында «Мәңгі есімізде» акциясы бастау алды, деп хабарлады Қорғаныс министрлігі.
Астана қаласы 29 Қаңтар, 20:43

Аталмыш акция шеңберінде 1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысы қатысушыларының ұрпақтары мен туысқандары мұражайдың қорына Қазақстанның әскери тарихы үшін баға жетпес бірегей жәдігерлер тапсырды. Аты шулы 316-атқыш дивизиясының жауынгері Темір Жолдаспаевтың ұлы, Ахметжан Қойшығұловтың туысқаны ҰОС жылдары Қазақстанның аумағында 220 зауыт пен фабриканың орналастырылуына басшылық еткен Мәдина Ысқақованың қызы – әскери ұшқыштың жеке борт механигі, Иван Кожедубтың Кеңес Одағының үш мәрте батыры мұражайға марапаттау материалдарын, құжаттарды, фотосуреттерді, кітаптарды, хаттарды, ашық хаттарды тапсырды. 

  Мұражай қызметкерлерінің айтуынша, мұндай акциялардың ұйымдастырылуының басты себебі, халқымыздың тарихи-мәдени мұрасын сақтаудағы көкейкесті мәселелерге қоғам  назарын аударту болып табылады. Өзінің ата-бабасының ерліктері туралы оқиғамен бөлісуге және олардың жеке заттарын ҚР ҚК Әскери-тарихи мұражайы қорының игілігіне беруге барша ниет білдіргендер үшін акция ұйымдастырушылары алғыс хаттар дайындап қойды.

«Бүгін мен үшін толқынысқа толы күн. Анашымның өмірі мен ерлігі туралы айтып беруге мүмкіндік берілген күн. Мұндай мұражайдың болғаны қуантарлық жайт. Өйткені, әскери тарих – бұл халқымыздың тарихының ажырамас бөлігі», - деп атап өтті ҰОС қатысушының қызы Аягөз Шиқатаева. Жәдігерлерді қабылдау 2016 жылғы 31 желтоқсанға дейін жалғасады. Келешекте ол жыл сайынға сипатқа ие болмақ. Акция барысында барлық жиналған артефактілер мұражай қорына сақталуға беріледі. Ал ғылыми-зерттеу жұмысы өткізілгеннен кейін экспозицияның бөлігіне айналады. Одан басқа, жәдігерлер арнайы тізбеге енгізіліп, бүкіл Қазақстан және шетелге көшпелі көрмеге жіберіледі.


 





Яндекс.Метрика