Халықаралық интеграция

Қазақстан және Италия ауыл шаруашылығы саласындағы ынтымақтастықты нығайтуда

Италия Республикасының Ауыл шаруашылығы, азық-түлік және орман саясаты министрі Маурицио Мартинның Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрі Асылжан Мамытбековпен кездесуі өтті, деп хабарлады Ауыл шаруашылығының министрлігі.
Астана қаласы29 Қаңтар , 09:13

Шара барысында Италия мен Қазақстан арасында ауыл шаруашылығы саласындағы ынтымақтастықты күшейту туралы мәлімдемеге қол қойылды.

Кездесуді италияндық және қазақстандық бизнес өкілдері жалғастырды. Шетелдік делегацияны «INALCA» Вице-президенті Луиджи Скордамалья, «Agrotecnica» компанияның директоры Микеле Д’Аразмо, «Rovani» компаниясының жетекшісі Оде Ровани, «EB Service» компаниясының директоры Марко Беретта және т.б. өкілдер құраған болса, қазақстандық өкілдерін «Евразия АгроХолдинг», «Шаңырак», «Ақтөбе Жылыжай» компанияларының басшылары, «Қазақстанның ет бірлестігі», «Құс өсірушілер бірлестігі», «Ет-сүт бірлестіктерінің» жетекшілері құрады. 




Яндекс.Метрика