Парламент

А.Алтыбаева: Қазақстан 30 дамыған ел қатарына енуде қарымды қадам жасады (эксклюзив)

Қазақстан 30 дамыған ел қатарына енуде қарымды қадам жасады, деді Strategy2050.kz АА берген сұхбатында Қырғыз Республикасының Жогорку Кенеша (Парламент) депутаты Айнуру Алтыбаева.
Әлемде 28 Қаңтар, 18:26

«Экономикалық дағдарыс бүгінде әлем елдерін қамтып отыр. Қазақстанның дағдарысқа қарсы бағдарламасын Парламенттің жаңа Мәжілісі ұсынуы керек. Меніңше, дағдарысқа қарсы ең тиімді бағдарлама ұсынған партия халық қалауымен жеңіске жетеді. Болашақтағы парламенттік сайлауда экономикалық мәселелерді шеше алатын  партиялар жеңеді. Қазақстан әркез жоғары мәртебеге ие болуды көздеді. Қазақстан 30 дамыған ел қатарына енуде қарымды қадам жасады», - деді А.Алтыбаева.

Естеріңізге сала кетейік, Мемлекет басшысы V шақырылымдағы Парламент Мәжілісі өкілеттігін тоқтату туралы Жарлығына қол қойды.  Мерзімінен бұрын сайлау 2016 жылы 20 наурызда өткізіледі.

Данияр Қасымов

Фото: www.vzglyad.kg





Яндекс.Метрика