Басқару

Қазақстанның экономикасы әлемдік дағдарысқа дайын – сарапшы

Қазақстанның экономикасы әлемдік дағдарысқа дайындалды, деді экономикалық ғылымдардың кандидаты, Л.Гумилев атындағы ЕҰУ аға оқытушысы Сапарбай Жұбаев Strategy2050.kz. АА берген сұхбатында.
Астана қаласы28 Қаңтар , 17:53

Сарапшының айтуынша, кез келген мемлекет дағдарысқа қарсы шаралар қабылдайды. Олар сыртқы шаралардан ғана емес, ішкі факторларға да сүйенетін кездер болады. Бірақ, елдің әлеуметтік-экономикалық жағдайының мәселелері болады.

«Бұл орайда айта кетерлігі, екі дағдарысқа қарсы шара бар. Біріншіден, Қазақстан жаһандық экономикалық дағдарысқа дайын болып келді. Ол 2008 және 2010 жылғы дағдарыстың тәжірибесіне ие. Энергия тасымалдаушыларға байланысты баға түсіп жатса да, жағдай тұрақты болып отыр. Ұлттық қор әлеуметтік әлжуаз халық толқынын қамтып отыр», - деді С.Жұбаев.

Экономика ғылымдарының кандидаты атап өткендей, мемлекеттік тағы бір дағдарысқа қарсы шарасы теңгені еркін айналымға жіберу. Ол отандық экспортшыларды қорғап қалды.

«Бұл шарада біздің экспортшылар қорғауға ие болды. Баға бәскеге қабілетті болып қалды. Егер бұорын бір доллар 180 теңге болса қазір ол 370 теңгеге тең. Теңге ресурстары жоғары болды. Бюджетті толтыра отырып, ел өзінің әлеуметтік міндеттерін орындайды,»- деді ол.

Айта кетейік, 8 желтоқсанда Үкімет пен Ұлттық банктің дағдарысқа қарсы жоспары қабылданды.  Ол2016-2018 жылдарға бағытталған экономикалық және әлеуметтік қамту жоспары.

Анар Тәңірқұлова




Яндекс.Метрика