Мәдениетті жаңғырту

«Қазақ елі» атты толықметрлі анимациялық фильмі телевизиялық нұсқаға ие болды

«Қазақ елі» атты толықметрлі анимациялық фильмі телевизиялық нұсқаға ие болды, деді ОКҚ-да ҚР МСМ Мәдениет және өнер департаментінің директоры Ақтоты Райымқұлова.
Астана қаласы28 Қаңтар , 17:02

«Фильм барысында қазақ жерінің әсем табиғаты, сол замандағы Жібек Жолы бойында орналасқан Сауран, Отырар, Сығанақ сияқты ірі қалалар, зәулім хан сарайлары көрсетіледі. Сонымен бірге, кішкентай көрермендеріміз елордамыз Астананың бүгінгі көз сүйсіндірер көркін де тамашалай алады. Фильм көркем туынды болғандықтан тарихи фактілерге сүйене отырып балаларға түсінікті тілде жеңіл әрі қызықты оқиғалар арқылы қамтылып көрсетіледі», - деді Райымқұлова.

Фильмнің тарихи кеңесшісі – тарих ғалымдарының докторы, профессор – Жамбыл Артықбай (Тарих ғылымдарының докторы, профессор). Фильмнің әдеби кеңесші – Дулат Исабеков, режиссері – Батырхан Дәуренбеков, сценаристі – Сағаділдә Үсіпбәлиев, Бақытжан Құлжабай, композиторы – Руслан Шынықұлов, қоюшы суретшісі – Азамат Ерназаров, фильмнің директоры − Нуриддин Паттеев, бас продюссері − Сәбит Әбдіқалықов.

«Франция елінде жақында өткен Канн кинофестивалінде "Қазақ елі" анимациялық фильмінің жарнамалық ролигі (трейлері) көрсетіліп, АҚШ, Германия, Ресей және Біріккен Араб Әсірліктері қызығушылығына бөленді. Фильм наурыз айында осы мемлекеттерде кинотеатрларға шығады деп жоспарлануда», - деді ол.

 

 

 




Дерекнама

Яндекс.Метрика