Ұлттың денсаулығы

Алматыда 29 қаңтардан бастап қысқы Универсиадаға қатысатын елдер делегациялары аккредитацияланады

Универсиаданың ресми сайты билғы жылдың қаңтарынан ойынға қатысатын командаларды аккредитациялауды бастайды, деп хабарлады қала әкімдігі.
Алматы қаласы28 Қаңтар , 16:52

Осыған орай, студенттік спорттың шетелдік ұлттық федерацияларына - FISU  мүшелеріне ойынға қатысуға қатысты шақыру хаттары жіберілген. Бұл туралы 2017 жылы өтетін Бүкіләлемдік қысқы Универсиадаға дайындық барысы жөнінде мәселе  қараған жиында мәлім болды.

Жиын барысында  Алматы әкімі Бауыржан Байбек  тура бір жылдан соң, яғни 2017 жылдың  28 қаңтарында Бүкіләлемдік Универсиаданың салтанатты түрде ашылатынын,  алқалы жарыстың 29 қаңтар мен 8 ақпан  аралығында өтетіндігін айтты.

«Универсиада – ең алдымен, қалада бұқаралық спортты дамытуға импульс беретін, қалалықтарды жұмыс орындарымен қамтамасыз ететін әлеуметтік жоба. Қазақстандық мазмұн үлесін арттыру үшін құны 20 млрд. теңге болатын меморандумдарға қол қойылды. Бұл- салықтар, жұмыс орнын сақтап қалу»,  - деді Б.Байбек.

 Универсиада нысандарының құрылыстарында 50 мыңнан астам адам жұмы істейді. Үш спорт объектілерінің мердегерлері- отандық құрылыс компаниялары. Бұлардағы қазақстандық мазмұнның үлесі  60%.

 Халықаралық студенттік жарыстар әлемге танымал Eurosport, Eurosport 2, ESPN (АҚШ) NHK World (Жапония), CCTV (ҚХР), Arirang (Оңтүстік Корея)  сияқты  телеарналарда және  ресейлік, басқа   көптеген түрлі арналарда көрсетіледі. Қазіргі кезде келісім жұмыстары жүріп жатыр. Күн сайын бұл транцляцияларды әлемнің 80 елінің бір миллионнан  астам көрермендері тамашалайды деп күтілуде.

Естеріңізге сала кетеік, салынған спорттық ынсандардың барлығы алқалы спорттық шара аяқталған соң халық игілігіне қызмет етіп, қала тұрғындарының мұрасына айналады. Бұл нысандардың барлығы Алматының 1000 жылдығы  мерекеленетін Жыл ретінде  жаряиланған биылғы жыл ішінде  іске қосылады. Мегаполистің мың жылдығы ЮНЕСКО-ның мерейлі даталар тізбесіне енген.

Айта кетейік, Қысқы Универсиада  жарыстарына 55 елдің  2000 жуық спортшысы қатысады. Универсиада  барысында шетелден және елмізідің әр өңірінен 3000 волонтер жұмыс істейді. 30 мыңнан астам шетелдік қонақтар мен туристер келеді деп күтілуде. Универсиаданың жалпы операциялық бюджеті 2 есеге оңтайландырылып, 17 млрд. теңгені құрап отыр. 2017 жылғы қысқы Универсиада жарыстары спорттың 13 түрі бойынша 8 спорт нысанында өтетін болады.

 

 

 

 




Яндекс.Метрика