Халықаралық интеграция

Қазақстандық сарапшылар Қытайдың экономикалық жағдайымен танысты

ҚР-дағы ҚХР Елшілігінің қолдау көрсетуімен Қытайдың 2016-2020 жылдарға арналған бес жылдық жаңа даму жоспарына қатысты мәселелерді талқылауға арналған семинар өтті, деп хабарлады Қазақстанның ҚХР-дағы Елшілігі.
Астана қаласы28 Қаңтар , 20:14

2015 жылдың қазанында Қытай Коммунистік партиясы Орталық комитеті (ҚКП ОК) 18 шақырылымының V пленумында, Қытай экономикасын дамытудың 2016-2020 жылдарға арналған бес жылдық жаңа жоспары қабылданған болатын.

Қазақстан мен Қытай арасындағы қатынас Қазақстан Республикасы тәуелсіздік алған сәттен бастап өрбігені белгілі. Ынтымақтастық құрылған кезең ішінде экономика саласында айтарлықтай маңызға ие жобалар дамытылды. Қазақстан мен Қытай арасындағы жан-жақты стратегиялық серіктестікті ары қарай дамыту және тереңдету мақсатында, сондай-ақ, бірлескен сауда-экономикалық қатынастарды ілгерілету үшін ҚХР Мемлекеттік кеңесі жанындағы Даму мәселелерін зерттеу орталығы жетекшісінің орынбасары Лу Гоцян бастаған делегация Қазақстанға жіберілді.

Семинарда Қазақстан тарапынан ҚР Президенті жанындағы Стратегиялық зерттеулер институтының (ҚСЗИ) өкілдері қатысты. Өйткені дәл осы мекеме ішкі және сыртқы саясаттың стратегиялық мәселелеріне, Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық дамуына қатысты іргелі зерттеулерді жүргізіп, ел басшылығына арнап болжама-талдау сипатындағы материалдарды дайындаумен айналысады.

«Біз Қазақстанмен сындарлы диалогты құруға мүдделіміз. Бүгінгі семинар барысында қазақстандық сарапшыларды Қытайдың экономикалық жағдайымен, жаңа даму жоспарымен таныстырып, Қазақстанмен арадағы ынтымақтастықтың негізгі беталысы және бағыттарына назар аударатын боламыз», - деп атап өтті Қытайдың ҚР-дағы Төтенше және өкілетті елшісі Чжан Ханьхуэй мырза.




Яндекс.Метрика