Медициналық білім беру жүйесін жақсарту

2014 жылы ҚР-да медициналық ЖОО-ның рейтингісін енгізеді – ДСМ

Келер жылдан бастап медициналық білім беру мекемелерінің рейтингін енгізу жоспарланып отыр, деп Денсаулық сақтау вице-министрі Ерік Байжүнісов ҚР Президенті жанындағы ОКҚ-нің баспасөз отырысында мәлімдеді.
Нұр-Сұлтан12 Қараша , 15:59

«Келер жылдан бастап Денсаулық сақтау министрлігі медициналық білім беру ошақтарының  рейтінгісін енгізеді, ол студенттердің білім деңгейін анықтайды. Оқуға түсер кезде түлектердің психологиялық  қабілетін тексеретін тесттік сұрақтар құрылады. 3-4 жыл оқығаннан кейін болашақ мамандықты таңдау кезінде әбден  төселіп, бейімделу үшін тест сұрақтары таңдалады. Ол студентердің одан әрі жұмыс істеу кәсібін нақты анықтайды», - деді Е. Байжүнісов.

Вице-министр атап өткендей, аталмыш бағыт бойынша ДСМ білімді бағалау және қабілет орталығымен бірігіп жұмыс істейді. Сондай-ақ, Америка елімен де ынтымақтастық қатынас орнату көзделіп отыр.

 




Яндекс.Метрика