Парламент

А.Чухно: Қоғам Елбасының Жолдауын жүзеге асыруға бейімделуі керек

Елбасының 2015 жылдың 30 қарашасындағы Жолдауында әлеуметтік қамтылу мәселесі басым көтерілді. Бұл туралы Strategy2050.kz АА берген сұхбатында М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің аға оқытушысы, тарих ғылымдарының докторы Александр Чухно айтты.
Астана қаласы 28 Қаңтар, 15:34

 «Елбасы әркез әлеуметтік мәселелерге аса көңіл бөледі. Елбасының 2015 жылдың 30 қарашасындағы Жолдауында әлеуметтік қамтылу мәселесі басым көтерілді.Бұл жалақының өсуіне келіп тіреледі. Еңбекақыны 40 пайызға дейін көтеру мәселесі көтерілді. Бұл әсіресе экономикалық дағдарыс кезінде өте маңызды. ҚР Президентінің Жолдауында білім беру саласы да қарастырылды. Бұл жастардың тек сапалы білім алып қана қоймай, оны тәжірибеде қолдануын жүзеге асыруға негізделген. Елбасының тегін кәсіптік-техникалық білім беру бастамасы да өз уақытында ұсынылды. Бұл өскелең ұрпаққа өмірде өз орнын табуға мүмкіндік береді. Бүгінде қазақстандық қоғам Елбасы Жолдауын жүзеге асыруда бейімделуі керек. Бұл қазіргі болып жатқан жағдайда өте орынды әрі қолайлы болмақ», - деді А.Чухно.

Естеріңізге сала кетейік, Мемлекет басшысы V шақырылымдағы Парламент Мәжілісі өкілеттігін тоқтату туралы Жарлығына қол қойды.  Мерзімінен бұрын сайлау 2016 жылы 20 наурызда өткізіледі.

Данияр Қасымов

Фото:  nkzu.kz





Дерекнама

Яндекс.Метрика