Парламент

Қарағанды облысында Мәжіліс пен мәслихат сайлауына қатысатын кандидаттардың тізіміне нақтылану жүргізілуде

Облыста сайланушылардың тізіміне нақтылану жұмыстарын жүргізу жалғасуда. 2016 жылдың 21 қаңтар айының жағдайы бойынша сайланушылардың саны 840 360 жетті. Бұл жөнінде Қарағанды облысының сайлау комиссиясының төрағасы Ерқара Аймағамбетов Strategy2050.kz АА берген сұхбатында айтып өтті.
Қарағанды 28 Қаңтар, 15:03

«Мәжіліс пен барлық деңгейлі мәслихатта болатын сайлауға облыстың сайлау комиссиясында жұмыстар атқарылуда. Облыста мыңнан астам сайлау комиссиялары орналасқан, оның құрамына 7 мыңнан астам адам кіреді. Бұрынғы комиссия мүшелерін ауыстыру бойынша жұмыстар атқарылды. Қаладағы сайланушылардың санының өзгеруіне байланысты, аудандарда сайлау округін анықтау жұмыстары тоқтатылды»,-деді Е.Аймағамбетов.

Сондай-ақ, комиссия төрағасы облыс пен ауданда қала әкімі мен облыстық  құрылым басшыларымен жиналыс өткізіліп, сайлау алды науқанында керекті құрал-жадықтар бойынша мәселені қарастырды.

«Барлық сайлау учаскілері негізгі тамақтармен, телефон желілері мен керекті құрал-жабдықтармен  жабдықталады»,-деді Е.Аймағамбетов.

Облыстық комиссия төрағасының айтуы бойынша, барлық деңгейлі мәслихат депутаттығына 30-дан астам кандидат ұсыныс берген.

«Облыста кандидаттар тізімін нақтылау бойынша жұмыс жүргізу жалғасуда. Әкімдікпен электронды базаға түзету жұмыстары жасалуда. Ү.ж. 21 қаңтар жағдайы бойынша облыста сайланушылардың саны 840 360 адам болды.»,-деді ол.

Естеріңізге сала кетейік, ҚР Орталық сайлау комиссисының төрағасы БАҚ өкілдерін «қазіргі күні бізге қойылған басты мақсат-әр участік бойынша сайланушылардың нақты тізімін анықтау» деп айтып кетті.

Ботагөз Айтжанова

Фото: imp.rudn.ru сайтынан





Яндекс.Метрика