Энергетика саласын дамыту

Биыл СҚО-да 1 МВт болатын биогаз қондырғысы іске қосылады

Жұмыс сапары барысында СҚО әкiмi Ерiк Сұлтанов Қызылжар ауданының Якорь ауылындағы «Био ТЕС» ЖШС-мен бiрлесiп биогаз қондырғысы құрылысы жобасын жүзеге асырып жатқан «Алекри» ЖШС-на барды, деп хабарлады облыс әкімдігі.
Солтүстік Қазақстан28 Қаңтар , 14:17

«Био ТЕС» ЖШС басшысы Самат Қабдуллин өңiр басшысына құрылыс барысы мен жобаны iске қосу мерзiмi туралы хабардар еттi.

Ерiк Сұлтанов шикiзатты қайта өңдеу көлемiмен, ашылатын жұмыс орындары туралы сұрап бiлдi.

Қондырғының құрылысына арналған жер телiмi өткен жылы Солтүстiк Қазақстан облысы әкiмдiгiнiң көмегiмен бөлiнген. Қазiр күмбездi тұрғызу бойынша монтаждау жұмыстары жүргiзiлiп, жабдықтар әкелiнiп жатыр.

Модульдi түрдегi биогаз қондырғысы жабдықтардың толық технологиялық циклын құрайды, жабдықтарды ресейлiк мамандар әзiрленген.

Өндiрiсте тәулiгiне 40 мың тоннаға дейiн шикiзатты қайта өңдеп, тәулiгiне 9500 м3 биогаз өндiретiндей әлеуетi болады деп жоспарланған. Жобаны iске қосқаннан кейiн алынған электр энергиясы есептiк-қаржылық орталыққа белгiленген тарифтер бойынша өткiзiледi.

Құс шаруашылығы қалдықтарын қайта өңдеуге арналған, қуаттылығы 1 МВт болатын биогаз қондырғысы жаңғырмалы энергия көздерi мемлекеттiк бағдарламасы аясында жүзеге асырылады. Жоба құны 1,1 млрд. теңгенi құрайды. Биогаз қондырғысын үстiмiздег жылы iске қосу жоспарланып отыр.




Яндекс.Метрика