Өңірлер

А.Айдарбаев: Маңғыстау экономикалық кеңесі өңірдің тұрақты дамуын қамтамасыз етуге бағытталған

Ақтауда Маңғыстау экономикалық кеңесінің бірінші отырысы өткізілді.
Маңғыстау 28 Қаңтар, 16:37

Кеңес мемлкеттік өкіл мен жеке сектордан құралған кеңес беру мен үйлестіруші орган болып келеді. Оның мүшелері облыс экономикасындағы өзгерістерді жүйелі талдау арқылы мәселелерді болдырмау, жобалар мен аймақтық даму стратегия басымдылығын анықтау, әлеуметтік-экономикалық даму мәселелерін шешу сынды жұмыстарды атқарады.

Қазіргі таңда кеңес мүшесі бар бағдарламалар мен дағдарысқа қарыс шығарылып жатқан бағдарламаларына дамыту жұмыстарына жүргізуге кірісуде. Маңғыстау экономикалық кеңесінің үйлестірушісі Мемлекеттік жеке меншік әріптестік орталығы болып келеді.

«Көріп отырғанымыздай, экономикалық болмысы жұмыс істеуге мүмкіндік береді, сондай-ақ болашаққа айқын мақсаттарын құрып, белсенді және жаңа жобалар жасауға талап қояды. Маңғыстау экономикалық кеңесі арқылы облысымызда әлеуметтік-экономикалық дамуды қамтамасыз еткіміз келеді. Аталмыш орган жұмысы барлық мемлекеттік секторлар мен жеке меншік секторларға ашық. Экономикалық кеңестің әрбір қатысушысына аймақты дамыту бағытында өз мақсатын нақты біліп, жобаны анықтауы тиіс. Осындай үлгіде алдағы уақытта дағдарысқа төтеп беріп, жаңа әлеуметтік экономикалық деңгейге жете аламыз»,-деді Маңғыздау облысының әкімі Алик Айдарбаев.





Яндекс.Метрика