Ұлттың денсаулығы

Д.Назарбаева: Қазақстанда салауатты өмір салтын насихаттау жұмысын нығайту қажет

Қазақстанда салауатты өмір салтын насихаттау жұмысын нығайту қажет, деді Премьер-Министрдің орынбасары Дариға Назарбаев МСМ алқа жиынында.
Астана қаласы28 Қаңтар , 13:51

«Денсаулық сақтау мен білім және ғылым министрлігі арасында бұқаралық спортты дамыту бойынша бірлескен жоспар әзірлеу қажет. Салауатты өмір салтын бұқаралық  түрде насихаттау қажет», - деді Д.Назарбаева.

Д.Назарбаеваның айтуынша, ҚР министрліктері Қазақстанда дені сау, спортпен шұғылданатын, шыдамды, қайсар адам үлгіге айналуы керек. Бұл орайда бюджетті олимпиадалық және бұқаралық спортқа бөлуге назар аудару қажет.

«Меніңше, біздің әрбір олипиядалық жоғары жетістігіміз ұлт денсаулығын таныстыру керек. Бюджеттен бөлінген қаржының 98 пайызын спортқа, ал 2 пайызын бұқраға арнаймыз. Бұл орайда әдісті түгел өзгерту қажет», - деді Д.Назарбаева.

Айта кетейік, бүгін ҚР МСМ басшысы А.Мұхамедиұлы мен оның орынбасарлары, музей, кітапхана мен ғылыми-зерттеу институтының жетекшілері есеп берді. 




Яндекс.Метрика