Парламент

Э.Денст-Гарсия: Сайлау ҚР азаматтарына Парламент жаңаруында дұрыс таңдау жасауға мүмкіндік бермек

Сайлау ҚР азаматтарына дұрыс таңдау жасауға мүмкіндік бермек, деді Strategy2050.kz. АА берген сұхбатында Пльшадан келген маман, филология ғылымдарының кандидаты Эдита Денст-Гарсия.
Астана қаласы 28 Қаңтар, 14:47

20 қаңтарда Елбасы Бесінші шақырылған ҚР Парламентінің Мәжілісін тарату және депутаттардың кезектен тыс сайлауын тағайындау туралы Қаулыға қол қойды. Оған сәйкес, партиялық тізімдер бойынша сайланатын Мәжіліс депутаттарының кезектен тыс сайлауы 2016 жылғы 20 наурызға, ал Қазақстан халқы Ассамблеясы сайлайтын Мәжіліс депутаттарының сайлауы 2016 жылғы 21 наурызға белгіленді.

«Әлемдік экономикада қалыптасқан жағдайға сәйкес, Үкіметтің мерзімінен бұрын сайлауды өткізу шешімі өте орынды деп есептеймін», - деді ол.

Сайлау – азаматтардың саяси еркіндігінің көрінісі. Э. Денст-Гарсия атап өткендей, халық жаһандық экономикалық жағдайда азаматардың іске араласуын  заңды деп есептейді.

«Бұл әрбір азаматқа Мәжіліс құрамының қалыптасуына әсер етуге мүмкіндік береді. Сайлау Парламент құрамын жаңартуда дұрыс шешім қабылдауға мүмкіндік береді», - деді ол.

Мәдина Маржақыпова





Яндекс.Метрика