Халықаралық интеграция

Маңғыстауда өтетін ралли қорытындысы қазақстандық команданың Әлем Кубогына енуін анықтайды

«Rally Kazakhstan-2016» жарысы биыл Маңғыстауда 29 мамыр мен 4 маусым аралығында өтеді. Бұл туралы бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслиахатында «MobilEx Racing Team» командасының капитаны Қанат Шағыров айтты.
Астана қаласы28 Қаңтар , 13:01

«Біз биылғы жылы бірнеше ірі жарысқа қатысуды жоспарлап отырмыз. Маңғыстауда биыл 29 мамыр мен 4 маусым аралығында «Rally Kazakhstan-2016» жарысын ұйымдастырамыз. «MobilEx Racing Team» бұл марафонға бүкіл құраммен қатысатын болады», - дейді Қ.Шағыров.

Оның айтуынша, «Rally Kazakhstan» - әлем кубогы алдындағы жарыс.

«Өткен жылы жарысты Маңғыстауда өткіздік. Халықаралық байқаушылар болды, барлығы олардың көңілінен шыққаннан кейін кубок алдындағы жарыс мәртебесін алдық», - дейді команда капитаны.

Айта кетейік, былтыр елімізде «Rally Kazakhstan» марафоны алғаш рет өткізілді. Автокөліктер жарысында республиканың түкпір-түкпірінен 9 экипаж бен 4 квадроциклист сайысқа түсті.

Еске сала кетсек, Қазақстанның «MobilEx Racing Team» командасы биыл «Africa Eco Race» ралли-марафонында абсолют жіктелімінде жеңіске жетті.




Дерекнама

Яндекс.Метрика