Парламент

Т.Ширмер: ҚР этномәдени бірлестігі парламенттік мерзімінен бұрын өтетін сайлауды қолдайды

Еліміздің этономәдени бірлестігі Парламент Мәжілісі мен мәслихатта өтетін мерзімінен бұрын сайлауды қолдап, дамудың жаңа деңгейіне жол ашатын дұрыс таңдау деп есептейді. Бұл жөнінде «Оберег» украиндық Қоғамдық бірлестігінің төрағасы Тамара Ширмер Strategy2050.kz АА берген сұхбатында айтып өтті.
Астана қаласы 28 Қаңтар, 13:46

«Қазақстан Тәуелсіздігінің 25 жылдық мерейтойы қарсаңында мықты мемлекет құрылып, әлемдік саяси аренада маңызды рөл атқарады. Біздің халық ынтымақтастық пен бірлікте өмір сүруде. Елімізде этносаралық толеранттылық пен қоғамдық келісім ойдағыдай іске асырылуда»,-деді ол.

Алайда қазіргі экономикалық жағдай барлық елдерді жаулап алды. Әлем аренасында қиын кезеңдер бақылауға алынып, жаңа жанжалдар белес алып, террористік қауіп пен халықаралық шиеленіс өсу үстінде.

«Қазақстанда жаңа реформалар алға қойылып, экономиканың алдағы уақытта өсіп дамуына жұмыстар жасалуда. Біз, еліміздің этомәдени бірлестігі ҚР Парламент Мәжілісінде болатын сайлауға қолдау көрсетеміз. Алдағы күні сайлауды ойдағыдай өткізу міндеттері тұр»,-деді Т. Ширмер.

«Жаһандық шындыққа қарамастан, халық бірлігі туралы ұмытпауымыз керек. Бірліктің арқасында ғана біз өз мақсаттарымызға қол жеткіземіз.-экономикалық, рухани бай,  еркін және демократиялық мемлекет бола аламыз.  Біз әрбір қазақстандықтар қоғамның бір бөлшегі екендігіне көз жеткізіп келеміз. Келешекте Қазақстанды биік шыңдардан, дамыған мемлекет қатарынан көргіміз келеді. Бірлесе отырып барлық қиын кезеңдерден сеніммен өтіп, алға қойған міндеттерді орындап шыға аламыз деген ойдамын»,-деді Т. Ширмер.

Естеріңізге сала кетейік, Мемлекет басшысы V шақырылымдағы Парламент Мәжілісі өкілеттігін тоқтату туралы Жарлығына қол қойды.  Мерзімінен бұрын сайлау 2016 жылы 20 наурызда өткізіледі.

Индира Қауметова

Фото: Bnews.kz сайтынан

 





Яндекс.Метрика