Парламент

Сенат жастар корпусын дамытуға бағытталған ХҚДБ арасындағы грант туралы келісім ратификациясын мақұлдады

Парламент Сенаты «Қазақстан Республикасы мен энергия тиімділігін арттыру бағдарламаларына және жастар корпусын дамытуға арналған бір донордың Траст қоры әкімшісі ретінде әрекет етуші Халықаралық қайта құру және даму банкі арасындағы грант туралы» келісімді ратификациялауды мақұлдаған болатын.
Астана қаласы28 Қаңтар , 12:53

Ол бойынша Дүниежүзілік банк Жастар корпусын дамыту жобасын қаржыландыруға жәрдем көрсету үшін Қазақстанға осы келісімде жазылған немесе айтылған тәртіппен 21,7 млн. доллар мөлшерінде грант бөледі. 

«Жалпы бұл жоба бірнеше кезекте тұрады. Сонымен қатар, жастар өздері әртүрлі жобаларды да ұсына алады. Соның ішінде біз ЭКСПО халықаралық көрмесімен байланысты жобаларды да қаржыландырудың мүмкіндігі болатынын айта кеткім келеді. Ең бастысы, жастар тарапынан ұсыныс болса игі.Жобаны жүзеге асырудың бірінші кезеңінде Алматы, Оңтүстік Қазақстан, Қарағанды және Павлодар облыстарының жастары қамтылмақ. Ал бастапқы кезең оң нәтиже көрсетсе екінші кезеңде бұл жоба басқа да аймақтарды қамтиды. Жастар корпусын дамыту жобасының бірінші бағытын жүзеге асырудың нәтижесінде республика бойынша 1700 жастар жобаларын жүзеге асыру көзделеді. Бұған 8,5 мың жас азаматтар тартылмақ», - деді А.Сәрінжіпов.

 

 




Яндекс.Метрика