Халықаралық интеграция

«MobilEx Racing Team» командасы белсенді қолдау көрсеткені үшін қазақстандықтарға алғыс білдірді

«Africa Eco Race» ралли-марафонында Қазақстанның «MobilEx Racing Team» командасы абсолют жіктелімінде жеңіске жетті. ҚР Автоспорт федерациясының президенті Марат Абықаевтың айтуынша, бұл осы маусымдағы ең үздік көрсеткіш. Бұл туралы ол бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслиахатында айтты.
Астана қаласы28 Қаңтар , 12:46

 «Africa Eco Race» ралли-марафоны 2015 жылдың 27 желтоқсанында Монте-Карлоның Монакосында басталып, 2016 жылдың 10 қаңтарында Сенегал астанасы - Дакар қаласында аяқталды. Қазақстанның «MobilEx Racing Team» командасы африкалық ралли додасына осымен төртінші рет қатысып отыр. Биыл команда екі ресми есепке төрт экипажбен шықты - Т1.1 (арнайы жабдықталған автокөліктер) және мотоцикл. Жарыс барысында туындаған кедергілерге қарамастан, барлық экипаж жолдан таймай, Дакар қаласының маңындағы Ретба көліндегі мәреге жетті.

«Осы маусымда біз жақсы көрсеткішке қол жеткіздік. Біз «Africa Eco Race» ралли-марафонында жеңіске жеттік, абсолют санатында бірінші орынға ие болдық. Бұл автоспорттағы ең үздік көрсеткіштердің бірі», - дейді ҚР Автоспорт федерациясының президенті Марат Абықаев.

Айта кетейік, «Africa Eco Race» ралли-марафоны 2009 жылдан бастап өткізіледі. Ралли-рейд Батыс Африканың үш елі - Марокко, Мавритания және Сенегалдың аумағын кесіп өтеді. Доданың ұйымдастырушысы - белгілі француз автошабандозы Жан-Луи Шлессер. «Africa Eco Race» ралли-марафоны – «Дакар» іспеттес экстремалдық жарыс түрі.

«Africa Eco Race» ралли-марафоны 12 кезеңнен тұрды, жолдың ұзындығы – 6 мың км. Оның 4 мың км – арнайы учаскілер. Биылғы «Africa Eco Race» ралли-рейдінің жеңімпазы Қанат Шағыров елге екінші рет жүлделі оралды. 2013 жылы Т2 санатында, яғни стандартты көліктер жарысында қарсыластарын басып озған еді.

 




Яндекс.Метрика