Басқару

Д.Назарбаева мәдениет және спорт мекелемелеріне өздерінің бюджет қорына демеушілік қаражатты тартуға кеңес берді

Қазақстанның мәдениет және спорт мекемелерінің басшыларына жігерлі және шаруашыл болып, қосымша қызмет көрсете біліп, өздерінің бюджет қорларына демеушілік қаражатты тарта білу керек. Бұл ойымен ҚР Премьер-министрдің орынбасары Дариға Назарбаева ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің кеңейтілген алқа отырысында айтып өтті.
Астана қаласы28 Қаңтар , 12:41

Оның айтуынша, бүгін күні негізгі міндеттерінің бірі денсаулық сақтау, білім беру, мәдениет және спорттың құқықтық нысанына өзгерту жасау керек. .

«Ең бастысы, мемлекет барлық сала бойынша негізгі стандарттарды сақтауына қарамастан, барлық ұйымдарға, оның ішінде мәдениет және спортқа шаруашылық тәуелсіздікті беру керек. Қосымша қызмет көрсеткендеріңіз үшін, демеушілік қаражатты тарту барысында сіздерге бюджет қорын толықтыруға мүмкіндік туады»,-деді ол.

Сондай-ақ, вице-премьер қазіргі белең алып отырған экономикалық жағдайға орай алдағы 2-3 жылда кәсіпорындарды материалдық-техникалық жабдықтармен жасақтау әзір мүмкін емес екендігін айтып өтті. Алайда, бүгінгі қаржыландырудың көлемі, оның ішінде мәдениет және спортқа саласында да Мемлекет басшысының нұсқауымен сақталады.

«Бүгінгі таңда кәсіпкерлер басшыларының өз жұмыстарына қалай қарауына байланысты көптеген мәселелерді шешіп, өздерінің әсерін тигізеді. Жақсы басшылық пен жақсы қожайын болған жерде, ақша барлығына жетіп, жұмыскерлердің көңілі толып, жұмыс та өз қарқынымен жүретін болады. Сол себепті бұл жерде менеджменттің сапасы, оның тобы мен жеткешісі жоғары бағаланады. Сол себепті барлық бірінші басшылары үшін талаптарды күшейту қажет»,-деді Д.Назарбаева.

 




Яндекс.Метрика