Қазақстан Республикасының 2015-2019 жылдарға арналған индустриялық-инновациялық даму мемлекеттік бағдарламасы

ИИДМБ: СҚО-да кабель шығаратын зауыт ашылды

Петропавлда өздiгiнен жылу реттегiш кабелiн шығаратын зауыттың салтанатты түрде ашылуы өттi. «BARTEC Kazakhstan» ЖШС жобасы Индустрияландыру картасының екiншi бесжылдығының 16-шы жобасы және 2016 жылы СҚО-ның iске қосылған бiрiншi жоба болып табылады, деп хабарлады облыс әкімдігі.
Солтүстік Қазақстан28 Қаңтар , 15:18

Зауыттың ашылуына СҚО-ның әкiмi Ерiк Сұлтанов қатысты. Өңiр басшысы бүгiнде бiздiң елiмiзде Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың тапсырмасымен индустриялық-инновациялық саласын дамыту бойынша көлемдi жұмыс жүргiзiлiп отырғанын атап өттi.

«Жаңа кәсiпорын одан әрi дамитына сенiмдiмiн. Зауыттың басшылығы мен қызметкерлерiн өндiрiстiң ашылуымен құттықтаймын! Сiздерге гүлдену, сенiмдi қарқынды даму және табыс тiлеймiн!» — дедi Ерiк Хамзаұлы.

«BARTEC» компаниясының ТМД бойынша вице-президентi Дмитрий Сұлтанов Қазақстандағы бұл саладағы бiрiншi өндiрiс екенiн атап өттi.

«BARTEC Kazakhstan» ЖШС-нiң зауыты жоғары ылғалдылық, қатты химиялық әсер ету және өсiрiлген механикалық жүктеме кезiнде пайдалануға болатын өзiдiгiнен жылу реттегiш кабелiн шығарады. Өнiм сумен жабдықтау, өнеркәсiп сияқты салаларда пайдаланылады.

Әлемде BARTEC компаниясының кабельдiң бұл түрiн шығаратын екi зауыты жұмыс iстейдi. Петропавлда үшiншiсi ашылып отыр.

Зауыт инвестициялық қаражат есебiнен тұрғызылды. Шетелдiк салымдардың жалпы сомасы 600 млн. теңгенi құрады.

 




Яндекс.Метрика