Евразиялық одақ

В.Корешков: ЕАЭО-ға ортақ талаптарды қолдану нарыққа тауарлардың жеткізілуін жеңілдетуге көмектеседі

Еуразиялық экономикалық комиссиясының алқасы зерттеулер (сынақтар),өлшемдер ережелері мен әдістерін қамтитын стандарттың жаңартылған тізімін бекітті.
Әлемде28 Қаңтар , 19:28

ЕЭК-тің баспасөз-қызметінің хабарлауынша, үш регламентті Еуразиялық экономикалық кеңестің «Темекі өнімдерінің техникалық регламенті» мен техникалық реттеу объектілерінің сәйкестік бағалауы бойынша үлгілері таңдалуда.

«Тізімге ISO халықаралық стандартпен үйлестірілген мемлекет аралық тоғыз стандарт қосылды. Сондай-ақ ЕАЭО келісімшартына сәйкес, мемлекет аралық стандартты іске асыруға «Талшықты жұқалап кесілген темекі шегу және құбыр енін өлшеу әдістері» МВИ-01-2009 мен «Сигар және сигариллдің қалындығын өлшеу методикасы» МВИ-02-2009 қосылды»,-деп хабарлануда айтылды.

Сонымен қатар, бекітілген стандарттар өнімнің қауіпсіз және сапалы екендігіне кепіл береді. Олар шығындарды азайтуға және бизнес үшін өнімділігін арттыруға стратегиялық құрал болып табылады.

«Үздік халықаралық тәжірибе негізінде бірыңғай талаптарды қолдану тиімді болып келеді. Бұл нарықта өнімдік қатынасу үшін рәсімдердегі әкімшілік кедергілерді азайту үшін және сапасын жоғарылатып, өнімге бәсекелестік әкеледі»,-деді Валерий Корешков.

ЕЭК алқасы Қырғыз Республикасына Кеңес регламентінің 34 техникалық істердің енгізілуін бекітті.

 




Дерекнама

Яндекс.Метрика