«Конференцияның мақсаты-қоғамға Мемлекет басшысы мемлкеттік қызметтің бой көтеріне жұмсаған күшін көрсете білу. Тәуелсіздік жылдарында мемлкеттік қызметтің кәсіптігін дамыту жұмыстары атқарылды. Бүгінгі күні, ол барлық елдер мен халықаралық қоғамдастықта танылған»,- деп ҚР Мемлекеттік қызмет істері вице-министрі Айгүл Шаимова айтып өтті.
Сондай-ақ, вице-министр осы жылы Ұлт жоспары «100 нақты қадамды» іске асыру міндеті тұрғандығын айтып өтті.
«Мемлекеттік апараттың бірінші иституционалды реформасын құрастыру жұмысына үлкен көңіл бөлінуде. Өйткені ол мемлекеттік қызметке рухани әсер етеді. Бірінші кезекте біз мемлкеттік қызмет апаратын құруға бағыттадық. Бұл әрекетті орындау үшін «меритократия қағидатына негізделген айқын байқау процесін енгізіледі»,-деді ол.
Айта кетейік, конференцияға Президент Әкімшілігінің басшылары, Премьер-Министр, Парламент палатасы, мелекеттік орган өкілдері, Кәсіпкерлердің ұлттық палатасы және т.б қатысуда.
Анар Тәңірқұлова