Ғылымды қажет ететін экономиканың дамуы

Ақмола облысында ет өңдеу зауыты өндіріс көлемін арттыруда

Ақмола облысының әкімі Бурабай ауданына барған жұмыс сапары барысында «ОСКО» ет өңдеу кешеніне де бас сұғып, өндіріс процесінің барысын көзімен көріп қайтты. Атап өтейік, кәсіпорын шұжық өнімі мен еттен деликатес өнімдерін жасаумен айналысады, деп хабарлады облыс әкімдігі.
Ақмола28 Қаңтар , 20:29

Зауыт қуаты – жылына 1056 тонна немесе тәулігіне 4 тонна өнім.Бұл жерде 50 түрлі дайын өнім шығарылады (етті деликатестер, шұжықтардың алуан түрлері, сосискалар, сарделькалар және т.б.) Кәсіпорын 57 адамды тұрақты жұмыспен қамтамасыз етеді, олардың орташа айлық жалақылары – 70 мың теңге.

Бүгінде «ОСКО» ет өңдеу кешенінің өнімдері тек Ақмола облысының ғана емес, Астананың және еліміздің өзге өңірлерінің де нарығын қамтамасыз етуде. Өңір басшысы осындағы мекеме цехтарын және тоңазытқыш камераларын қарап, ет өнімдерін өндіру процесін бақылады. 

Кешен басшысы К. Осипов жиналғандарға зауыт жұмысы туралы әңгімелеп беріп, болашақтағы даму жоспарларымен бөлісті. Оның сөзінше мекеменің өнім көлемі жыл санап артуда. Яғни, 2015 жылдың қорытындысына сәйкес кешен 399,338 млн. теңгенің өнімін өндірген, бұл 2014 жылмен салыстырғанда 120 пайызды құрайды.

 

 




Яндекс.Метрика