Инфрақұрылымның дамуы

Ақмола облысында 75 отбасы қоныс тойын тойлауда

Бурабай ауданына барған жұмыс сапары барысында өңір басшысы жақында ғана «жас отбасы» мемлекеттік бағдарламасы бойынша несиелік жаңа үйге ие болған Қасеновтардың бақытты отбасына бас сұқты, деп хабарлады облыс әкімдігі.
Ақмола28 Қаңтар , 18:09

Аудандағы 75 жас отбасылар үшін Магнитный көшесінің бойындағы көп қабатты үйдің пайдалануға берілуі өту қуанышты оқиғаға айналды.

Тұрғындармен әңгімелесу барысында облыс әкімі қоныстанушыларды тойларымен құттықтап, жосықсыз мердігерлердің салақтығынан нысан құрылысының біршама созылғанын және өзге құрылысшылардың бұл кемішілікті жоюының арқасында мерзімінде пайдалануға берілгендігін атап өтті.

«Ең алдымен бұл жерде жастары 29-ға жетпеген жас отбасылар тұратын болады. Үй жылы. Жақында ауданда тағы бір 75 пәтерлі көп қабатты үй пайдаланысқа берілетін болады, ол үй осы жерден алыс та емес, Школьная көшесінің бойында. Мемлекет осындайүйлерді көптеп тұрғызған сайын, тұрғын үй мәселесі де азая түседі. Енді біз болашақта жетімдер, мүмкіндігі шектеулі азаматтар және әлеуметтік осал топтағы жандар үшін үй салуды жоспарлап отырмыз. Ал бүгін барлықтарыңды осы қуаныштарыңызбен құттықтаймын, сәттілік тілеймін, осы үйде өсіп-өне беріңіздер», -  деді әкім.

Еске сала кетсек, бұл көпқабатты үй ағымдағы жылдың 22 қаңтарында пайдалануға берілген. Нысан құны 397,1 млн. теңге.

Жалпы үйде отыз – бір бөлмелі, он бес – екі бөлмелі, отыз – үш бөлмелі пәтерлер бар. Нысан мердігері Астана қаласынан - «Номад Строй ЭК» ЖШС.

 




Яндекс.Метрика