Мәдениетті жаңғырту

ҚР Ұлттық музейі 2015 жылы 104 млн теңге табыс тапты

ҚР Ұлттық музейі мемлекеттік мекемеден мемлкеттік қазыналық кәсіпорынға қайта құрылғаннан кейін 2015 жылдың қаңтар айында 104 млн теңге табыс тапты, деп ҚР мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы кеңейтілген алқа отырысында айтып өтті.
Астана қаласы28 Қаңтар , 11:26

Оның айтуынша, мәдениет саласы қаржыландырудың жаңа көздерін дамытып,  экономикалық тиімділікті жоғарылату жағынан жұмыс атқаруда.

«Осылайша, музейдің белсенді жұмысы, музейдің қоры өткен жылы ұйымдық-құқықтық нысанын мемлкеттік мекемеден қазыналық кәсіпорынға ауыстырды. Біздің Ұлттық музей, жаңа қазыналық кәсіпорынға көшкеннен кейін бір-екі ай ішінде 104 млн теңге табыс тапты»,-деді ол.

Министрдің айтуынша, жұмысты ынталандыру мақсатында, көптеген ұйымдар «коммерциялық емес акционерлік қоғам» қызмет нысанын алуда. Бұл келешекте жұмыстың ашылуына жол ашады.

Естерінізге сала кетейік, Қазақстан Республикасының Ұлттық музейі-еліміздегі ең үлкен музей. Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә.Назарбаевтың бұйрығымен «Мәдени атамұра» Мемлекеттік бағдарламасы аясында құрылды. ҚР Үкіметінің қаулысы 2013 жылдың 2 шілдесінде шықты. 




Дерекнама

Яндекс.Метрика