Парламент

Е.Рябинин: Жаңа Мәжіліс ШОБ-ты дамытуға ықпал етуі керек

Қазақстан экономиканы әртараптандыруды дамытуы керек. Ол үшін жаңа парламентшілер бірқатар жаңа заң қабылдап, шағын және орта бизнестің барынша дамуына ықпал етулері керек, деді Strategy2050.kz. АА берген сұхбатында Мариуполь мемлекеттік университетінің халықаралық қарым-қатынас пен сыртқы саясат кафедрасының доценті Евгений Рябинин.
Астана қаласы 28 Қаңтар, 12:17

«Бүгінгі таңда барлық әлем елдері экономикалық жағдайдың әсерінен зардап шегіп отыр. Бұл әсердің  кері тұсі географиялық орналасуына қарамастан, жерлердің бір-біріне әсер етуі. Біз соның нәтижесінде 1990 және 2008 жылдары дағдарысқа ушар болдық. Дағдарыс толқынына әр түрлі жағдайлар әсер етеді.  Биржалық жағдайдан бастап, ипотекалық нарық пен локальді даумен аяқталады. Бұл орайда әлемнің басты мәселесі әлемдік экономиканы долларсыздандыру болып келеді», - деді сарапшы.

Оның пікірінше, жаңарған депутаттық корпус Қазақстандағы кәсіпкерлікті дамытуды заңнамалық түрде қамтуы керек.

«Қазақстан экономиканы әртараптандыруды дамытуы керек. Ол үшін жаңа парламентшілер бірқатар жаңа заң қабылдап, шағын және орта бизнестің барынша дамуына ықпал етулері керек. Бұл басымдықтар туралы Ұлт жоспарында кеңінен айтылған. Бұл проблемалар уақытша, себебі ЕАЭО өзінің қалыптасуында бірінші жылда ғана тұр. Шығындарды әртараптандыру ғана Қазақстан мен ЕАЭО елдерін жаңа экономикалық даму деңгейіне алып шығарады», - деді саясаттанушы.

Данияр Касымов

Сурет жеке мұрағаттан алынды 





Яндекс.Метрика