Парламент

Алматы облысында барлық деңгейлі мәслихат депутаттығына 30 кандидат тіркелді

Аймақтық сайлау комиссиясы аумағында барлық деңгейлі мәслихат депутатына қатысатын кандидаттарды қабылдау басталды, бүгінгі күні олардың саны 30-дан астам, деп Аламаты облысының сайлау комиссиясының төрағасы Тимур Даутов Strategy2050.kz АА берген сұхбатында айтып өтті.
Астана қаласы 28 Қаңтар, 11:32

«Алматы облысында Мәжіліс пен барлық деңгейлі мәслихат сайлауына дайындық жұмыстары жүргізілу үстінде. Сайлауға қатысушылар саны 990 021 адам. Сайлау комиссиясының барлық құрамы  нақтыланған. Сайланушылар тізімін өзектендіру барысында барлық сайлау учаскілері нақтыланды. Облыс бойынша барлығы 991 сайлау учаскісі бар»,- деді Т.даутов.

Сондай-ақ, қазіргі күні сайлау учаскілеріне қозғалмалы сауыттар мен басқа да керек жабдықтарға тексеріс жүргізіліп жатыр деп айтып кетті.

«Бұдан әрі барлық облыстарда семинар-тренинг өткізу жоспарланған. Ол жерде сайлау комиссиясының мүшелері сайлау ұйымдастыру шараларын талқылап өтеді»,-деді Т. Даутов.

Сонымен қтар, оның айтуынша «аймақтық сайлау комиссиясы аумағында барлық деңгейлі мәслихат депутаттығына 30-дан астам кондидат тіркелген».

Естеріңізге сала кетейік, кеше-27 қаңтар ҚР Орталық сайлау комиссиясының хатшысы Бахыт Мельдешов Strategy2050.kz АА берген эксклюзивті сұхбат барысында «аймақтық азаматтар өткізілетін сайлауға жергілікті органмен бірге үлкен қызығушылық білдіруде» деп айтып өтті.

 Б. Мельдешов нақты түсіндірме жұмыстарын жүргізіп, кондидатты ұсыну мәселелері бойынша керекті кеңестер жүргізуге тапсырма берді.

Ботагөз Айтжанова





Яндекс.Метрика