EXPO-2017

ЭКСПО-2017 аясында ҚР МСМ 6 мың бұқаралық-мәдени шара өткізеді

ЭКСПО-2017 аясында ҚР МСМ 6 мың бұқаралық-мәдени шара өткізеді, деді Мәдениет және спорт министрі Арыстан Мұхамедиұлы ведомствоның алқа отырысында.
Астана қаласы28 Қаңтар , 10:54

«Өздеріңіз, білетіндей, Мемлекет басшысының шешімімен ҚР Мәдениет және спорт министрлігіне ЭКСПО-2017 аясындағы шаралар жүктелді. Ведомство кешендік бағдарлама дайындады ол шара аясында 6 мың  бұқаралық мәдени шара өткізуді қарастырады», - деді ол.

Министр атап өткендей, Отандық мәдениетті ЭКСПО аясында таныстыру Қазақстанның халықаралық имиджін қалыптастырудағы басты шара болмақ.

Айта кетейік, шараға 200 елдің ұйымы қатыспақ. Қазіргі таңда 70 ел өздерінің ресми қатысуын растады. Үш ай ішінде көрмеге 5 млн қонақ қатысады деп жоспарлануда.

 

 




Яндекс.Метрика