«Нұрлы жол» – Қазақстанның даму жолы

Биыл ШҚО-да 330 шақырым жол орташа жөнделу жұмыстарымен қамтылады

Шығыс Қазақстанда республикалық және жергілікті маңыздағы автожолдардың жөнделуі мәселелеріне арналған арнайы жиын өтті. Осы жылы 226 шақырым облыстық және 108 шақырым республикалық маңызы бар жолдар орташа жөнделумен қамтылады, деп хабарлады ШҚО ақпараттық орталығы.
Шығыс Қазақстан28 Қаңтар , 12:32

Жөндеуге енетін жолдардың тізімі туралы кеңес облыс әкімі Даниал Ахметовтың төрағалығымен өтті.

Осы жылы Өскемен-Семей автожолының 30 шақырымына әр түрлі технологияларды қолдану арқылы жөндеу жүргізіледі. Қарағанды-Аягөз – Тарбағатай – Бұғаз жолының 78 шақырымы жөнделеді. Жазда облыс әкімі Аягөздан Тарбағатай ауданына дейінгі ара қашықтықты өзі бақылады.

Айта кетерлігі, аталмыш автожолдың жөндеуінен кейін Аягөзден Ақсуатқа дейінгі арақашықтық екі сағатқа қысқарады.




Яндекс.Метрика