Басқару

Е.Ыдырысов: СІМ-нің басты назарында – Мәжіліс сайлауына сапалы дайындық жүргізу

Мәжіліс сайлауына сапалы дайындық, Иранмен экономикалық ынтымақтастықты дамыту, Африка елдерімен байланыстарды кеңейту, ЭКСПО-2017 көрмесіне дайындық - СІМ басты назарында.Сыртқы істер министрлігінің басшылық құрамымен кезекті мәжілісте ведомство басшысы Ерлан Ыдырысов осы және өзге де міндеттер жайлы сөз қозғады, деп хабарлады ҚР СІМ баспасөз қызметі.
Астана қаласы28 Қаңтар , 11:49

«Министрлік алдында шетелдегі қазақстандық азаматтардың сайлауға қатысу үшін конституциялық құқықтарын іске асыруда барлық қажетті жағдайларды жасау міндеті тұр», - дей келе министр 20 наурызда өтетін ҚР Парламенті Мәжілісі сайлауына дауыс беру қарсаңында тиісті дайындық жұмыстарын ұйымдастыру бойынша нақты тапсырмалар берді.

Е. Ыдырысов Қазақстанның қатаң түрде ел заңнамасына және халықаралық стандарттарға сәйкес еркін және транспарентті сайлау өткізуге ықыластылығын ерекше атап өтті, сондай-ақ сайлауды бақылауға 11 халықаралық ұйымға шақырту жіберілгенінен хабардар етті, 

29-31 қаңтарда Аддис-Абебада өтетін Африкалық одақтың саммитінде ҚР бақылаушы мәртебесіне ие, осыған орай Е.Ыдырысов африкалық елдермен ынтымақтасудың әлеуеті жоғары екенін атап өтті.  Осы жылы Қазақстанға батыс Африка елдерінің сыртқы істер ведомстволары мен мемлекет башсыларын күтуде. АО саммитінде Эфиопияда Қазақстан СІМ министрі Е.Ыдырысовтың төрағалығымен  қатысды.

ҚР СІМ үшін маңызды шаралардың бірі ЭКСПО-2017 халықаралық қатысушыларының екінші кездесуіне қатысу. Айта кетейік, шараға 200 елдің ұйымы қатыспақ. Қазіргі таңда 70 ел өздерінің ресми қатысуын растады. Үш ай ішінде көрмеге 5 млн қонақ қатысады деп жоспарлануда. 




Яндекс.Метрика