Ғылымды қажет ететін экономиканың дамуы

Әуе қорғанысы күштерінің есептеу-талдау станциясы 100-ден аса бекеттегі жағдайды қадағалауда (ФОТО)

Қазақстанның Әуе қорғанысы күштерінің есептеу-талдау станциясы 100-ден аса бекетте бақылау жүргізеді, деп хабарлады Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі.
Казахстан 28 Қаңтар, 20:43

Аталмыш станция радиациялық, химиялық, биологиялық жағдайды және ӘҚК әскери бөлімдерінің орналасқан жерлері мен жауапкершілік аймақтарында, сондай-ақ техникалық құралдардың мүмкіндіктерінің шегінде көршілес елдердің аумағындағы қоршаған ортаның ахуалын бақылайды.

Әскери қызметшілер ақпарат жинау бойынша кезекшілікті күн сайын атқарады. Бүгінде қоршаған орта мен әскерлердің экологиялық қауіпсіздігінің жай-күйін өлшейтін дерекқор құрылған. Сонымен бірге, апаттар, құрамында күшті әсер ететін улы заттар бар химиялық тұрғыда қауіпті нысандарда қирандылар болған кезде ықтимал жағдайдың болжамдалуы жүзеге асырылады. 

 «Бүгінгі күні бізге су жаңа есептеу жабдығы келіп түсті. Бұл қалтаға салынатын метеостанция, – деп атап өтуде есептеу-талдау станциясының бастығы капитан Бекжан Дінәсілов. Ауа райын өлшейтін су жаңа модельдің көмегімен параметрлерді, температураны, атмосфералық қысымды, желдің күші мен бағытына мониторингі жасауға болады».

Аспап көп функционалды болып табылады. Ол қоршаған ортаның деректерін дәл және егжей-тегжейлі өлшейді, сандық компаспен, ауа райы көрсеткіштерін автоматты түрде тіркеу режімімен жабдықталған.

«Сондай-ақ бізде ауада, суда және топырақта улағыш заттар мен химиялық компоненттерді айқындауға арналған құрал бар. Шынайы уақыт режіміндегі детектор барлық химиялық агенттерді және токсинді өндіріс материалдарының анағұрлым санын, улағыш заттарды анықтайды», - деп ол атап өтті.

ҚР ҚК Әуе қорғанысы күштері бас қолбасшысы басқармасы есептеу-талдау станциясының жеке құрамы халықаралық және мемлекеттік ауқымдағы әртүрлі оқу-жаттығуларға жиі тартылады. Себебі, радиациялық, химиялық, биологиялық жағдайды болжау бойынша есептерді уақтылы және дұрыс ұсыну тапсырманы орындау кезіндегі әскерлердің іс-қимылын қамтамасыз етуде маңызды рөлге ие. 2015 жылдың қорытындысы бойынша станция мамандары Әуе қорғанысы күштері бас қолбасшысының алғыс хатымен марапатталғанын айта кеткен жөн.





Дерекнама

Яндекс.Метрика